Абайтану ғылымы дегенде еске алдымен Алашордашылар, Әуезов және Қайым Мұхамедханов еске оралары анық. Осы үлкен үштаған абайтанудың негізін салып, дамытып, қалыптастырып, бүгінгі абайтанудың биігіне жеткізді. Бұл үштағанның бірі болмағанда аталған ғылым саласы бір тұсынан ойсырап тұрған болар еді. Бірін-бірі жалғастырып, бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дамытқан үштағанның өткен мен бүгінгіні, кешегі мен осы күнді жалғаған алтын көпір – Қайым Мұхамедхановтың мол мұрасы.
Қайым Мұхамедханов абайтану ғылымына бүкіл саналы ғұмырын арнады, ой еңбегі мен физикалық күш қуатын сарп етті. Ғылымдағы барлық әдістерді толық игеріп, теориялық-практикалық тұрғыдан күшті дайындығына байланысты көптеген салаларына қалам тербеді.
Қайым Мұхамедхановтың тұлғалық қалыптасуына Әкесі, оның зиялы ортасы мен дос-жарандары, сондай-ақ бала күнінен тәлім берген Алашорда қайраткерлері терең ықпал етті. Ал ғылым жолындағы бағыт-бағдарын айқындауда, абайтану саласындағы іргелі еңбектерін жазуда оның бас ұстазы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігі шешуші рөл атқарды. Ұстазының ғылыми мектебіне сүйене отырып, Қайым елдік маңызы бар көптеген күрделі де жауапты істерді жүзеге асырды.
Қайымның абайтануға қосқан үлесін қысқаша ғана тізіп көрейік:
АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
- Түпнұсқа жәдігерлер – бұл мұражайдың мәні, құндылығы және іргетасы.
1930 жж. аяғынан бастап 1950 жылдары Абай мұрасын жинауға байланысты жолға шыққан экспедиция барысында ақынның өз басына және айналасына қатысты 500-ДЕН АСТАМ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРДІ ТАУЫП, ЖИНАҚТАДЫ. Бұл Абайдың және оның айналасындағылардың жеке заттары, тұрмыстық заттары, жиһаздары.Бұл Абайдың дүниелерін қамтыған материалдық мәдениет үлгілері болса, сирек қолжазба мен кітаптарды есептегенде шығыс әдебиетіне байланысты 302-ден аса әдебиет жинастырған және Абай оқыған орыстың да, дүние жүзінің классикасы да.
Осындай баға жетпес құнды жәдігерлердің негізінде қазақ даласында алғаш рет Семейде 1940 жылы АЛҒАШ АБАЙ МУЗЕЙІ ЖАСАҚТАЛДЫ.
- Ғалым Семейдің тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды зерттеулер жүргізіп (1950 жылдардың соңы – 1960 жылдардың басы),
Абайдың өзі немесе оның орыс достары арқылы мұражайдың этнографиялық бөліміне 60-тан астам жәдігер сыйға тартылғанын анықтады. Ғалымның анықтауынша небары 23 экспонат қана қалған. Қайым Мұхамедхановтың еңбегінің арқасында осы 23 жәдігер Абай мұражайының қорына қосылды.
- Карлагтан кейін ол музейде жұмыс істемегенімен, өмір бойы дерлік күн сайын музейге қоңырау шалып, келіп, кеңес беріп отырды. Ең бастысы — Абай музейінің қорын құнды сирек кітаптармен, қолжазбалармен, фотосуреттермен және өз ескертпелері мен зерттеулерімен толықтырып отырды.Төкен Ибрагимовтың айтуынша, «музейдегі әрбір зат, әрбір кітап, әрбір фотосурет пен әрбір құжат Қайым есімімен тығыз байланысты».
АБАЙ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗІН САЛҒАН
- Әдебиет ғылымының ішінде ең күрделі саласы саналатын ТЕКСТОЛОГИЯДА Қайым Мұхамедханов көрнекті із қалдырды. «Текстология бүкіл ғылымның, әдебиет ғылымының негізгі кілті болса, сол КІЛТТІ БІРІНШІ БОЛЫП АШҚАН, КӨРСЕТКЕН ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ БОЛДЫ» (академик Р.Сыздық). Ғалым мәтіндік талдаудың ғылыми әдісін қолдана отырып, Абайдың барлық өлеңдерінің канондық мәтіндерін қалпына келтірді, әртүрлі басылымдардағы бұрмалауларды түзетіп, оларға ғылыми түсініктемелер жазды. Ол кезде идеологиялық себептермен Абай мәтіндерінен діни сөздер мен шығыс тілдерінен алынған сөздер алынып тасталып, сол кездегі редакцияға түсініксіз ескі қазақ сөздері басқа сөздермен ауыстырылды.
1923 жылы Сталиннің Абай шығармаларына тыйым салу туралы бұйрығын білетін ғалымның бұл еңбегі жанқиярлық ерлік.
Қайым Мұхамедханов – туған халқы үшін ұлы Абай мұрасын дұрыс сақтауға үлес қосқан бірден-бір текстолог ғалым Абай канондық сөзі қалпына келтерді. Сонымен қатар ол 1940 жылдардан бастап өмір бойы
Абайдың БАРЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ПОЭМАЛАРЫНА ТОЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕРІН ЖАЗЫП, ғылыми айналымға енгізді.
АБАЙ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗІН САЛҒАН
- Сондай-ақ ғалым Абайдың БҰРЫН БЕЙМӘЛІМ БОЛҒАН ОТЫЗ БІР (31) ӨЛЕҢІН ТАУЫП, ОЛАРДЫҢ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ ЕКЕНІН ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ДӘЛЕЛДЕГЕН. БҰЛ ӨЛЕҢДЕР 1945 жылдан бастап Абай шығармаларының басылымдарына енді.
ЖАҢА ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ
- М.Әуезов жетекшілігімен ғалым Қ.Мұхамедханов қазақ әдебиеті ғылымында жаңа бағытта атышулы «АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ» зерттеуін (1938-1951) әкелді. Бұл – Абайдың жалғыз емесін, алды-арты бар, кәдімгі мектеп қалыптастырғанын, талантты шәкірттері оның дәстүрінде шығармашылық орта жасай алғанын дәлелдеу. Аталған зерттеу еңбегінде ғалым Абайдың нағыз шәкірті бола білген отыз тұлғаның есімін тауып, Абай мектебінің көрнекті өкілі екенін көрсетті.
Қайым Абай шәкірттерінің барлық есімдерін қалпына келтіріп, өзі жинаған деректер арқылы тұңғыш рет олардың толық өмірбаяндарын жазды.
Ең бастысы, олардың барлық шығармаларын бөлшектеп қалпына келтіріп, оларға ғылыми тұрғыдан түсініктеме беріп, әр шығарманың Абайдың әрбір шәкіртіне тиесілі екенін дәлелдеп берді! Яғни, ол мәдениеттің тұтас қабаттарын сақтап қалды!
Олардың ғылыми-шығармашылық ғұмырнамасын түзді, олар тудырған әдебиет үлгілерінің түгелі де Абай дәстүрінен шыққанын ғылыми тұрғыдан негіздеді. Осы тақырыпты індете зерттеу барысында көзкөргендермен әңгімелесе келе бай материал жинады, осылайша қазақ халқының сол кезеңдегі рухани бай мұрасын сақтауға күш-жігерін аямады. Ғылымда Абай мектебі болғанын және оның ізін жалғаған талантты өкілдердің шығармашылығы жайлы құнды еңбек бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласында, әдебиет пен тарих жүйесінде әлі де маңызын жоймай, қызмет етіп келеді. Ал 1951 жылғы қазақ зиялыларынң басына төнген зауал шақта осы диссертациясы үшін Қайым Мұхамедханов репрессияға ұшырады, 25 жылға бас бостандығын айырып, түрмеге қамалды. Қайсар тұлға сонда да өз ұстанымынан қайтпады, «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбынан бас тартпады, ұстазы М. Әуезовті де қаралауға жол бермеді. «Абай мектебі бар! Өлсем, Алаш азаматтарынан жаңым артық емес!», деді.
Оның диссертациясының арқасында ол кезде Абай шәкірттерінің барлық шығармалары мектеп пен университеттің оқу бағдарламаларына енгізіліп, ғалым өмір бойы осы зерттеулері үшін қуғын-сүргінге ұшырады.
- «Алаштың көзі», «Абайдың інісі, Алаштың ірісі», «Алаштың соңғы тұяғы» атанған тұлға, Ұстазы Мұхтар Әуезовтің жолын жалғап, алашордашылар рухын тірілтіп, «АБАЙ-АЛАШ» атты жаңа ғылыми тұжырымдама қалыптастырды. «Абайдың ақын шәкірттері» және Абайдың ізбасарлары — «Абай мұрагерлер» Қайым тұжырымдамасы бойынша, бұл алашордашылар. Бұл қайталанбас құнды мұра және біздің рухани тірегіміз.
Бұл біздің тарихымыздың көптеген атаулары және олардың толық өмірбаяндары Қайым жазған. Бұл ғалым сақтап қалған еңбектері, оларды ғылыми өңдеу және баспаға дайындау. Бұл оның тапқан бірегей құжаттары мен фотосуреттері. Бұл олар үшін қайғылы кезеңдерде және өмір бойы күрес. ОЛ ОСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БОЙЫНА СІҢІРІП ӨСТІ ЖӘНЕ ОНЫ ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗДІ.
МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
- Қайым Мұхамедханов қазақ арасына ғана емес, ОРЫС, ТАТАР, БАСҚА ДА ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ОРТАСЫНА ДА АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУДАН АЯНЫП ҚАЛМАДЫ. «Абай мен Бунин», «Абай мен Пушкин», «Крылов және Абай», «Абай мен Лермонтов», «Абай және татар мәдениеті» тақырыптарында мазмұнды зерттеу еңбектерін жазды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Семейдегі қазақ-татар мәдениетінің байланыстарына орай архив құжаттары негізінде туған «Абай шәкірттері және әлем мәдениеті» деген атпен жұмыстар жүргізді.
АБАЙ ТУРАЛЫ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫ
- 1940 жылдан бастап және өмірінің соңына дейін ғалым Абай туралы ағартушылықпен айналысты. Ол ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық лекциялар мен баяндамаларды ауылдар мен елді мекендерде, зауыттар мен фабрикаларда, мектептер мен университеттерде оқыды.
АЛҒАШҚЫ «АБАЙ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ КЛУБЫ
- ҚАЙЫМ 1970 ЖЫЛЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА «АБАЙ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ КЛУБ АШТЫ, жиырма жылдан астам уақыт бәрі бағдарламалардың авторы және жүргізушісі қызметін қоса атқарды.
АБАЙ ТУРАЛЫ РОМАН. ӘУЕЗОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІСІ
- Ұстаз өзінің адал шәкіртіне Абай туралы романның тапсырмаларын орындауға сенеді. М.Әуезовтің Абай туралы романының өзіндік ғылыми негізі бар. Мұхтар Әуезов эпопеяны жазып жүргенде 10 жылдан астам Қайым Мұхамедханов оның ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІСІ БОЛА БІЛДІ.
Жазушының тапсырмасымен архивтік материалдар мен тарихи фактілер іздеді, Абай заманында жасаған, көзін көрген көнекөз қариялармен кездесіп әңгімелесті, ақынның туған жерінде оған қатысты оқиғалар өткен, қоныс аударған, барған-жүрген жерлерінде болып, өңір тарихымен танысты, Ресейдегі ғалымдар мен музей қызметкерлеріне хат жолдап, тиісті адамдардан сұхбаттар алып, жинақталған барлық бай, құнды материалдарға түсініктемелер жазып, толықтырып, ұстазына жолдап отырды. Асқан ыждаһатпен іске асырылатын, қаншама төзім мен шыдам сыналатын, ауыр да бейнетті жұмыстан тартынбаған Қайым М. Әуезовтің тапсырмасын орындап, адалдық танытып қана қойған жоқ, қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқанын айтуға тиіспіз.
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ ҮШІН КҮРЕС
- ҚАЙЫМ 1940 ЖЫЛДАН БАСТАП 20 ЖЫЛ БОЙЫ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІН ОРНАТУ ҮШІН КҮРЕСТІ. ОЛ АБАЙ БЕЙНЕСІН КЕСКІНДЕМЕДЕ МӘҢГІЛІККЕ ҚАЛДЫРУ ҮШІН ДЕ КҮРЕСТІ. Алдымен сол кезеңдегі үкіметке хат жолдап, артынан Алматыға осы маңызды мәселемен арнайы келген Қайым Мұхамедханов замандастары арасында бастама көтерді. Ленинград, Орал зауыт басшылықтарына хат жазып, Абай мүсінін жасауға қажетті материалдар жайын сұрастырып та көрді. Дайындық, алғашқы әзірлік жұмыстарының барлығын да атқарған. Ол сондай-ақ суретшілер мен мүсіншілер байқауын өткізу тәртібін дайындады.
Алайда 1923 жылғы Сталиннің Абай шығармашылығын дәріптеуді тоқтатуға байланысты шығарған жарлығына сәйкес ел үкіметі де батыл қадам жасай алмаған. Мұхамедхановтың жалғыз өзі Абайдың алғашқы ескерткішін орнату жолында ұзақ және аянбай күресті. Тек қамауға алу, түрме және Карлаг оны бұл күрестен алыстатты. Және ешкім! бұл кезде Абай үшін күресте оны алмастырған жоқ!
АБАЙДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫСТАРЫНЫҢ БЕЙІТТЕРІН АБАТТАНДЫРУ
- Абай тұлғасын ұлықтауда Қайым Мұхамедхановтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 1940 жылдардан бастап ақынның зиратының кісі көргісіз болып қирап, жойылуға шақ қалған нашар қалпын көріп, АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ЖАТҚАН БЕЙІТТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ, ЖИДЕБАЙДАҒЫ АБАЙ ҚЫСТАУЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ жүргізуді және оған арнайы ескерткіш белгі орнатуды күн тәртібіне шығарды. Бұл күнде келген адам көзі түсетіндей, тағылым алатындай қасиетті мекенге айналуына Қайымдай қажырлы ғалымның арқасында қол жеткізіп отырмыз.
«АБАЙ» ЖУРНАЛЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
- Қайраткер Қ. Мұхамедханов 1992 жылы «АБАЙ» ЖУРНАЛЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ. Бұл журнал 1918 жылы Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің редакторлығымен шықты. Журналға демеушілік жасағандардың бірі Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлов болатын.
Қайымның отбасы мұрағатында сол дәуірдегі тарихи-қоғамдық оқиғаларды айшықтайтын құнды тарихи фотосуреттер мен деректі материалдар сақталған. Ғалым бұл журналда алғаш рет бірегей материалдар жариялады.
ТАБЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА ТАПСЫРУ
- 1940 жылдан бастап өмір бойы Қайым Мұхамедханов Абай турасында және оның шығармашылық мұрасы, белгісіз өлеңдері жайында жинаған. КӨПТЕГЕН МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАЗССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚОРЫНА САҚТАУҒА ӨТКІЗДІ. Шынайы ғалым бар жинаған құнды қазынасын ғылыми орталықтар мен музейлерге, архив қорларына, замандас мұғалімдер мен оқушы шәкірттеріне мәрттікпен ұсынды.
ИЛИЯС БОРАҒАНСКИЙ ЕСІМІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
- Қайым жиырма жылдан астам қиын ізденіс жүргізіп, мұрағаттар мен университеттермен, әр елдің ғалымдарымен хат алысып, ақыры ұмыт болған ИЛИЯС БОРАҒАНСКИЙ ЕСІМІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ. Борағанский бірнеше түркі халықтарына жатады. ОЛ АБАЙдЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАҒЫН (Санкт-Петербург, 1909) ШЫҒАРҒАН ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР ЖӘНЕ БАСПАШЫ.
АБАЙДЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ
- Қайым 1941-1945 жылдары Абайдың 100 жылдығына дайындық жөніндегі Үкіметтік мерейтойлық комиссияның ғылыми хатшысы қызметін атқарды. Бұл тарихи оқиғаны қиын жағдайда дайындады, лайықты өткізді.
Қайым көптеген тарихи оқиғалардың шежіресі болды. ОЛ АБАЙДЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ШЕЖІРЕСІН ЖАСАДЫ. Ал оның Абайдың 100 жылдығын өткізу тәжірибесі АБАЙДЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫН ӨТКІЗУГЕ ҮЛГІ БОЛДЫ.
АБАЙДЫҢ ОРЫС ДОСТАРЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУ
- ОЛ АБАЙДЫҢ ОРЫС ДОСТАРЫ – Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев, т.б. жайында ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІП, олардың ақын өміріндегі орны, шығармашылық үндестігі, қоғамдық қызметі мен Семей, Өскемен тарихындағы МАҢЫЗЫ ТУРАСЫНДА ҚЫЗЫҚТЫ, МАЗМҰНДЫ ҚҰЖАТТАР ТАПТЫ, мәліметтер жазды.
АБАЙМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАРДЫ
- Қайым Семей қаласында және Абай ауданы АБАЙМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ОРЫНДАРДЫ, ғимараттарды жақсы білген және бұл туралы НАҚТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖАЗЫП ҚАЛДЫРҒАН. Ол сондай-ақ Тыныбай мешітінің маңындағы МҰХАМЕДХАН СЕЙІТҚҰЛҰЛЫНЫҢ ҮЙІ ЖАЙЛЫ ДА МАҒЫНАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР ЖАЗЫП ҚАЛДЫРДЫ. Мұнда Абай, Шәкәрім, алашордашылар жиі болған.
АБАЙ ШЕЖІРЕСІ
- Қайым Мұхамедханов АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘРІ ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ҚҰРДЫ, Абайдың шежіресін барлық тармақтары бойынша зерттей отырып, көптеген схемалар құрды. Осылайша, ол Абайдың руының тарихын, оның барлық ұрпақтарын жақсы білді.
АБАЙДЫҢ ҰРПАҚТАРЫН ЕСКЕ АЛУ
- АБАЙДЫҢ СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН, АУРУ СЕБЕПТІ ӨМІРДЕН ЕРТЕ ОЗҒАН, ҚЫРШЫН КЕТІП, ЖАСТАЙ СОЛҒАН ҰЛДАРЫ МЕН 1941-1945 ЖЫЛҒЫ СОҒЫСҚА КЕТІП ОРАЛМАҒАН НЕМЕРЕЛЕРІНІҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ФОТОСУРЕТТЕРІН АНЫҚТАП, МҰҚИЯТ ЖАЗЫП ҚОЙДЫ.
АБАЙДЫҢ ҰРПАҚТАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ
- АБАЙ ҰРПАҚТАРЫН ТҮГЕЛ ТАУЫП, ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАДЫ. Ұрпақтары аталары мен аталарының ғалым туралы айтқан сөзін есіне алды: «Қайым ғана адал адам сенім артады. Ол естелікті өмір бойы сақтады, Абайға қатыстының бәрі толық болсын деп құжаттар тауып, толықтырды».
«АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДІ» ЖИНАП ҚАЛДЫРДЫ
- 1930 жылдардың аяғынан бастап 1951 жылға дейін Қайым Мұхамедханов «АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДІ» ЖАЗЫП ҚАЛДЫРДЫ. Бұл ең толық әрі құнды естеліктердің бірі болды. Мәселен, Төлеу Көбдіков Абай туралы ең көлемді төрт естелікті дәл Қайымға тапсырғанын атап көрсеткен. Қайым бұл істі өмір бойы тоқтатпай жалғастырып, естеліктерді толықтырып отырды. Ол Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректерді іздеп тауып, ғылыми айналымға енгізді.
АБАЙ — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ
- Қайым Мұхамедханов бірегей тарихи материалдарды алғаш рет тауып, ғылыми тұрғыда түсіндіріп, жариялаған тұлға болды. Солардың ішінде, мысалы, ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ АБАЙ ТУРАЛЫ МАҚАЛАСЫ МЕН АҚЫННЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗҒАН НЕКРОЛОГЫ ерекше орын алады. Бұл құнды деректер Абайтану ғылымының дамуына зор үлес қосты.
АБАЙҒА АРНАЛҒАН ОҚИҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БІРЕГЕЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПТЫ
- Ол алғаш рет бірегей тарихи құжаттарды тауып, оларды араб графикасынан қазіргі жазуға аударып, тарихи контексті мен мән-маңызын терең түсіндіріп берді. Бұл құжаттар — АБАЙДЫҢ ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ, 20 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-МӘДЕНИ КЕШТЕРДІҢ бағдарламалары, сондай-ақ 1915 жылғы, айтулы кеш сияқты өз дәуірінің маңызды мәдени оқиғаларына қатысты материалдар. Ол осы кештерге қатысқан тұлғалар туралы, бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнына қатысты кең ауқымды түсініктемелер жазды. Бұл — ұлт руханияты мен мәдениетіне қосылған баға жетпес ғылыми әрі мұралық үлес.
АБАЙҒА АРНАП АРНАУ ӨЛЕҢДЕР ЖАЗДЫ
- 1940 жылы 24 жаста ақын Абай құрметіне екі поэмалар жазды, соның бірі «АЛДЫМДА АҚЫН АБАЙ ТЕМІРҚАЗЫҚ» деген. Осы атпен Абайға арналған әдеби кештер, жиындар өткізіліп тұрады. Ол осы өлеңдерін Абайдың 95 жылдығына арналған кеште орындап, кештің бағдарламасын сақтап қалды. . «…Қалам алсам қолыма, өлең жазсам, Алдымда ақын Абай – Темірқазық!»
АЛҒАШҚЫ ТЕРЕҢ ЖОЛНҰСҚАУЛЫҚ (ПУТЕВОДИТЕЛЬ) ӘЗІРЛЕДІ
- Абай мұражайына, Семей қаласындағы Абаймен байланысты жерлерге, Абай ауылына апаратын бүкіл жолға және Абайдың туған жеріндегі барлық жерлерге АЛҒАШҚЫ ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ. Мұны бүгінгі күнде де маңызын жоймаған құнды дүние деп есептейміз.
АБАЙДЫҢ БАРЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ПОЭМАЛАРЫН ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР ЖАРИЯЛАДЫ
- Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы тарихта тұңғыш рет 1995 жылы АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ПОЭМАЛАРЫН ғылыми түсініктемелермен бірге жариялады. Осы ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ бөлігін (99%) Қайым Мұхамедханов әзірледі.
«АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
- ҚАЙЫМ «АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫН ЖАСАУҒА ҮЛКЕН ҮЛЕС ҚОСТЫ: құрылымын, маңызды мазмұнын, энциклопедияға енгізілуі тиіс Абайға қатысты барлық құжаттар, фотолар мен маңызды материалдардың тізімін жасады. Ол Абайға байланысты бәрі есімдердің тізімін жасады.Оның өзі көптеген құнды мақалалар жазып, баға жетпес тұжырымдарын осы басылымға қосқан.
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕРГЕ ҚАТЫСУ
- «АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ», «МЕН АБАЙДЫ ӘКЕ ДЕЙМІН», т.б. ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕРІНІҢ, басқа да бейнефильмдердің жарық көруіне, ғылыми кеңесші ретінде ақыл-кеңесін білдіріп, сапалы дүниелердің жариялануына үлес қосты.
АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ
- ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ 23 ТАМЫЗ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕП, ДАУДЫҢ НҮКТЕСІН ҚОЙДЫ.
PS: Бұл тізім толық емес. Ғалымның қиын кезеңдерде сақтап, орнықтырған барлық құндылықтарын, оның мұрағаттарын зерттеу бұл үлкен жұмыс. Рабиға Сыздық айтқандай: «Қайым туралы әлі де көп айтылған жоқ».
Дина Мұхаметхан