Катонқарағай ұлттық паркінде балмен тамақтанып тұрған бұлғын бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық парктің Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, парк қызметкері тәтті тағамды әдейі ағашқа қалдырған.
"Жаңа жыл сіздерге Владимир Михайловичтің осы бұлғынға бал әкелгеніндей, тек жақсы жаңалықтар алып келсін. Тәтті олжасына қуанған бұлғынның сәтін Владимир Воробьёв орнатқан фототұзақтағы бейнежазбалардан көріп тамашалауға болады", – деп атап өтті ұлттық парк өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от НЭМИ ККГНПП (@katonkaragai.semi)
Бұған дейін танымал қазақстандық фотографтың 2025 жылдың ең үздік 12 кадрын ұсынғанын жазғанбыз.