Биыл Ақмола облысында жол апатынан кәмелет жасқа толмаған төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ. Ал 96 бала түрлі дене жарақатын алды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі еседей көп.
Осыған байланысты полицейлер оқушылардың жазғы демалысы қарсаңында «Қауіпсіз аула» және «Қауіпсіз маршрут» акцияларын өткізуді бастады. Шара аясында балаларға жолда жүру ережелері түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аулалардың жарық шамдары мен жол белгілері тексеріледі.
Ерболат Құсайынов, ПД басқарма бастығының орынбасары:
- Балалармен және ата-аналармен ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін түсіндірме әңгімелер өткізіледі. Өкінішке қарай, осы жылдың өзінде кәмелетке толмағандардың қылмыстан зардап шеккен 57 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4 жағдай қылмыстық мүлікпен байланысты. Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – балалардың өмірде де, цифрлық кеңістікте де қауіптері туралы хабардар болмауы.