Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға үміткер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартты. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің тұғырынан көрінген.

Оқи отырыңыз:

  • Абайдың 180 жылдық мерейтойы: Республикалық жастар форумы басталды
  • Жас полиглот: Қазақстандық қыз 11 тілді қалай меңгергенін айтты

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да білім саласының бір бағыты. Спикер жазғы демалыс кезеңінде 30 лагерь жұмыс істейтінін айтты. Облыс оқушыларының 92%-ы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда.

Жекелеген санаттағы 2017 оқушысы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 282,3 млн теңге бөлінді, — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорынан 165,6 млн теңгеге барлығы 1400 жолдама беріледі. Балалар «Тау-Жанашар» «Альтаир» «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды орындарда жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады.