1 шілдеден бастап Еуроодақтан АҚШ-қа импортталатын тауарларға 50% баж салығы енгізілуі мүмкін . Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді.
Ақ үй басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында одақпен келіссөздердің нәтижесіз өтіп жатқанын жазған. Айта кеткен жөн, 2 сәуірде АҚШ президенті Еуроодақтан келетін тауарларға 20% тариф енгізген еді. Бірақ 3 айға оны 10%-ке дейін уақытша азайтқан. Сол уақыттан бері келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, одақ өкілдері америкалық тауарларға баж салығын енгізуге дайын екендерін ескертеді.