Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды.
АҚШ президентінің сөзінше, Тегеран Вашингтоннан бұғазды ашуды өтінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америкалық көшбасшы Иран ел ішінде күрделі жағдайға тап болғанын, қазір "коллапс күйінде" екенін айтқан.
– Олар басшылықтағы жағдайды реттеп алғанша, Ормуз бұғазын мүмкіндігінше тезірек ашуымызды қалайды, – деді Дональд Трамп.
Десе де, бұл ақпараттың рас-өтірігі толық нақтыланбаған. Тіпті, қандай БАҚ арқылы шыққаны да айтылмады. Өз кезегінде Reuters агенттігі бұл мәліметтің нақты дереккөзі көрсетілмегенін жасырмады.
Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи керісінше АҚШ-тың өзі келіссөздерге мүдделі екенін мәлім еткен.
Оның пікірінше, Вашингтон әскери қақтығыста өз мақсатына жете алмаған, көп шығынға ұшыраған.
Reuters Иран ұсынған бейбіт реттеу жоспары 3 кезеңнен тұратынын еске салады. Ең әуелі АҚШ тарапынан әскери әрекеттерді қайта бастамау кепілдігі берілуі керек. Содан соң Ормуз бұғазы ирандық сауда кемелері үшін ашылып, оның болашақтағы мәртебесі анықталуы шарт. Тек осындай нақты жұмыстар атқарылғаннан кейін ғана Тегеран өзге мәселелерді, яғни ядролық бағдарламаны талқылауға дайын.