Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында финалға дейін жетті.
Шешуші сында қазақстандық спортшы сегізінші орын алды.
Бұл бағдарламада Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия) жеңіске жетті. Екінші орынды Шонейд Макинтош (Ұлыбритания) иеленді. Ал қола медальді Анна Янссен (Германия) жеңіп алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!