Әсіресе ерекше қажеттілігі бар балалар мен диспансерлік есепте тұрған балаларға ерекше назар аударылады.
Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы барлық медициналық ұйымдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін кеңестер мен профилактикалық тексерулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ашық есік күндері аясында қала тұрғындары педиатр, стоматолог, травматолог, невропатолог, ЛОР-дәрігер, инфекционист, акушер-гинеколог және басқа да мамандардың қабылдауына жүгіне алады. Іс-шараға білікті дәрігерлер мен сала мамандары қатысады.
Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық кездесулер, түрлі акциялар мен сурет байқаулары өткізіледі. Бұл жұмыстарға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтары да қатысады.
Әсіресе ерекше қажеттілігі бар балалар мен диспансерлік есепте тұрған балаларға ерекше назар аударылады. Олар үшін қосымша кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда үй жағдайында көшпелі медициналық тексерулер жүргізіледі.