Танымал блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова жақынынан айырылып, ауыр қазаға байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшасында әжесінің қайтыс болғанын айтып, көңіліндегі мұңын бөлісті.
«Бүгін сіздерге мен үшін өте ауыр жаңалықты жеткізгім келеді. Әжем өмірден өтті. Ол бала кезімнен бастап өмірімнің, балалық шағымның, отбасымның және жүрегімнің бір бөлігі болды. Оның енді жанымда жоқ екенін қабылдау маған өте қиын. Маған сыйлаған махаббаты мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз. Онымен байланысты естеліктер жүрегімде мәңгі сақталады», – деп жазды блогер.
Жазбаға желі қолданушылары пікір қалдырып, Эльмира Төлегеноваға көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.
Еске салайық, бұған дейін Эльмира Төлегенова Ерболат Жанәбіловпен ажырасу процесінде екенін айтқан еді. Сонымен қатар ол ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғанын мәлімдеген.
Дереккөз: Skif News · Назым Сапар




