Алматыда автобус пен Porsche көлігі соқтығысты. Бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 қыркүйекте сағат 15:20 шамасында Алматының Түрксіб ауданында болған.
"Golden Dragon маркалы автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, бұрылған батыс бағытта қозғалған қарсы бағыттағы Porsche көлігіне жол бермеген. Салдарынан жол-көлік оқиғасы болды.
Бірнеше адам, оның ішінде автобус жолаушылары медициналық көмекке жүгінді", – делінген Алматы ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатқаны атап өтілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




