️2026 жылғы 15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясында биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиада (OIBO) өтуде.


Зияткерлік дода федералдық "Сириус" аумағы мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің "Талант және табыс" білім беру қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

️Қазақстан құрамасы 6 оқушы мен команда жетекшісінен құралған:

Қайркен Ерсұлтан – Павлодар облысы "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Билялов Нурали – Павлодар облысы "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Мұқашев Дарын – Шығыс Қазақстан облысы "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әділғали Нұрасыл – Маңғыстау облысы "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

️Команда жетекшісі – Дінмұхаммед Серікұлы Уразбаев, "Astana Medical University" КЕАҚ-ның 4-курс студенті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2025 жылы алғаш рет қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Олар 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, командалық жобалық турда I орынды иеленді.