Бөлімдер
Трендтер

«Қайталанбас тұлға»: Танымал продюсер Мақпал Жүнісова жайлы фильм түсірмек (ВИДЕО)

«Қайталанбас тұлға»: Танымал продюсер Мақпал Жүнісова жайлы фильм түсірмек (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында белгілі әнші Мақпал Жүнісова туралы фильм немесе сериал түсіруді армандайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Біз өмірден өткен тұлғаларды ғана құрмет тұтамыз. Мақпалды үш күн бұрын әуежайдан көрдім. Сонда Мақпалға қарап, естеліктер жазыңыз дедім. Ол туралы сериал немесе фильм түсіргім келеді. Қайталанбас тұлға. «Өзіңіздің бірегей адам екеніңізді білесіз бе?» дедім. Артыңыздан өсиет қалдыруыңыз керек», – дейді Баян Алагөзова.

Ол сөзін жалғай отырып, өзі туралы фильм түсіруге рұқсат сұрағанын айтты.

«Ол әйелді өте жақсы көремін. Сіздің өміріңізді экранизациялауға рұқсат беріңізші деп сұрадым. Оны 10 жыл бұрын сұрадым. «Қазір ыңғайлы уақыт емес шығар. Бірақ бір күні сіздің тарихыңызды түсіргім келеді» дедім. Бірақ ол үзілді-кесілді бас тартты. Содан оған өтініп сұрадым. Қасыңызға редактор алып, айтқаныңыздың бәрін жаздыра беріңізші дедім», – дейді продюсер.

Сөзін жалғай отырып, көзі тірісінде ешкімнің қадіріне жетпей жататынымызды сынап өтті.

«Біз сондай халықпыз. Көзі тірісінде ұрысамыз, сынаймыз, кемсітеміз. Құдай сақтасын, ол адам өмірден өткен соң «ол адам сондай ұлы тұлға еді» дейміз. Бұл – біздің үлкен қателіміз», – дейді Баян Алагөзова.

Дереккөз: Skif News · Лунара Арынбек