Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Осыған дейін Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді.

Қазақстан мен Германия 2 млрд долларлық 30-дан астам құжатқа қол қойды.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Марал Әділ




