Бельгия королі Филипп мемлекет басшысына жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, бұған дейін мұрагер ханзада ретінде Қазақстанға жасаған сапарларын еске алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
– Біз барлығымыз Сіздің басшылығыңызбен елдің дамуына тәнті болдық. Сапарымыз барысында танысатын бағыттарымыз екі ел үшін де өте маңызды – бұл жасанды интеллект, энергетика, атом энергетикасы. Біз ғалымдардың қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдегі пікірталастарды бірге бақылаймыз. Бізбен бірге университет ректорлары мен компания өкілдерінен құралған үлкен делегация келді, – деді король Филипп.
Келіссөздер барысында екі елдің ресми делегация мүшелері де сөз сөйледі.
Соңында тараптар ұсынылған бастамалардың кең ауқымына қанағаттанушылық білдіріп, практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайын екендіктерін растады.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан




