Оңтүстіккореялық студент Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын корей тіліне аударды. Хангук шет тілдер университетінің магистранты Чон Мин У аударма мақаласын 11 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жариялаған. Мин У-дың қазақша аты – Толыс. Былтыр ол Орталық Азияны зерттеу факультетін тәмамдаған. Ал 4 жыл бұрын студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанда оқыпты. Чонның айтуынша, ол жолдауды қиналмай бірер сағатта аударып шыққан, себебі қазақ және корей тілдерінің грамматикасы өте ұқсас.

Студентке ең ұнағаны – Президент Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту және Алатау қаласына ерекше мәртебе беру идеялары. «Қазақстан мен Оңтүстік Корея осы салаларда әріптестік орната алар еді, өйткені біздің елде де жасанды интеллектіге ерекше мән беріліп, жаңа технологиялар қаласы Пангё салынған», – дейді Чон Мин У.

Чон Мин У, Хангук университетінің магистранты:

- Менің ойымша ол қазір халықаралық жағдайды өте жақсы біледі деп ойлаймын. Және ол қазір Қазақстанда digital Қазақстан AI инвестиция дамыту үшін дамыту жөн деп айтады. Сонда мен де қазіргі уақытта өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан маған осы сөздер өте ұнайды.