Алматы тауларында із-түссіз жоғалып кеткен үш жігіттің біреуінің денесі табылды. Құтқарушылар мәйітті теңіз деңгейінен 3700 метр биіктітегі «Локомотив» шыңының маңайынан алып түскен.
Бұл жәйт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, үш жігіт 24 желтоқсанда тауға шығып, содан оралмаған. Хабар-ошар болмаған соң туыстары түнде полицияға арызданған. Іздестіру жұмыстарына төтеншеліктер, республикалық жедел-құтқару жасағы, апаттық медицина орталығы мен тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен еріктілер де көмектесуде. Қазіргі уақытта екі азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.