Бүгін Алматыда алғаш рет түнгі Almaty Glow Ride велошеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Ауқымды қалалық іс-шара белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын және кешкі велосеруенді ұнататын тұрғындардың басын қоспақ.

«Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында өтеді. Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағыты бойынша жүріп өтеді», делінген ақпаратта.

Іс-шараға 3 мыңға жуық адам қатысады.

Велошеруге байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Айта кетейік, сәуір айында елордада веломаусым ашылды. Алғашқы күні 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты.