Семейде тұрғындар көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған жағымсыз жағдайға куә болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға қаланың Восточный ауданында тіркелген. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам тұрғын үй кіреберісінде тұрып, балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршіндерге қарап әдепсіз әрекет жасаған.

Оны байқап қалған жергілікті тұрғындар ер адамды ұстап қалып, полиция қызметкерлерін шақырған.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімімен Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Восточный ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол бақылауға алынды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.