Димаш бұған дейін әйгілі Лара Фабианның концертінде арнайы қонақ ретінде сахнаға шыққан болатын.

Лондонда әлемге танымал қазақстандық әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесу үшін жанкүйерлер қонақүй алдына ұзын кезекке жиналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал бүгін ол Лондондағы Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өз жанкүйерлерімен жүздесуде.

– Мен Димаштың өнерін өмір бойы сүйіп келемін. Оның әрбір әні жүрекке жетеді. Ол тек даусымен ғана емес, жан дүниесімен де бізді баурап алады. Бұл – әлемдегі ең керемет дауыс, әрі ол әлемге оң өзгеріс әкеліп жатқан нағыз өнер иесі. Біз оған шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Калифорниядан арнайы келген жанкүйер Глория Макюн.