Қазақстан ТМД Үкіметтері басшылары кеңесін одан әрі дамыта түсуге ниетті.
Бұл жайында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен отырыс барысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Үкімет басшысы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша да бірқатар ұсынысын мәлімдеді. Айта кету керек, былтыр Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд долларға жетіп, 1,2%-ға өскен. Бұл өзара сенім мен экономикалық байланыстың нақты нәтижесі, дейді Олжас Бектенов. Кеңесте сауда-экономикалық байланыстар, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, көлік, авиация, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды. Олжас Бектенов Қазақстанның ТМД аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ортақ жобаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.