Сарапшылар нейрожелілер интернеттен ақпарат іздеуде күніне 30 минутқа дейін уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады.
Қазақстандықтар Нейро іздеу желісіне күн сайын орта есеппен 2 миллион сұрақ қояды. Бұл Қазақстандағы барлық іздеу сұраныстарының шамамен төрттен біріне тең. Ең жиі қойылатын сұрақтар білім тақырыбына қатысты болса, сонымен қатар "қалай істеу керек" деген мазмұнға ие.
"Мысалы, ағашты қалай отырғызуға болады, тұсқағазды қалай жапсырады, үйдегі Wi-Fi-ды қалай қосуға болады. Биылғы жылдың басынан бастап білім туралы сұрақтар саны 80 пайызға, ал "қалай жасау керек" тақырыбындағы сұрақтар 64 пайызға артты. Бұл нейрожелілер адамдарға жаңа білім алуға шынымен көмектесіп жатқанын көрсетеді", – деді Яндекс Іздеудің Қазақстандағы даму директоры Ұлан Қайырбеков.
Жыл басынан бері Нейро жауаптарын көріп, оның қызметіне жүгінетінде екі есеге өсті. Бұл жауаптарды нейрожелілер пайдаланушы сұранысына қарай автоматты түрде құрастырады. Оларды бірінші іздеу нәтижелері бетінде көруге болады, әрі қарай пайдаланушы толық жауапты ашып оқи алады немесе қосымша сұрақтар қоя алады.
Оқи отырыңыз: Яндекс Global басшысы президентке AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін айтты
"Қазақстанда Нейро қосылған Яндекс Іздеу дамуын жалғастыруда. Енді нақты оқиғалар, құбылыстар мен адамдар туралы дайын жауаптар әрдайым жеке блокта көрсетіліп, бір тұжырымды жауап ретінде шығатын болады. Ол пайдаланушының өңірі мен сұранысты қай тілде енгізгеніне қарай қазақ немесе орыс тілінде көрсетіледі. Мысалы, егер "Құрманғазы Сағырбайұлы" деп жазсаңыз, нейрожелілер ол туралы қысқаша ақпаратты, оның суреттерін және тыңдауға болатын шығармаларын жылдам ұсынады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Яндекс Іздеу аналитиктері нейрожелілер интернеттен ақпарат іздеуге күніне 30 минутқа дейін уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретінін есептеген.