Екі елдің Сауда министрлері “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіп кооперация орталығын құру бойынша көшпелі жиын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

13 маусымда Түркістан облысындағы "Атамекен" және Сырдария облысындағы "Гүлстан" өткізу пункттерінің түйіскен жерінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л. Құдратовтың төрағалығымен кеңес өткен.

Кеңес барысында тараптар ХШЫО дамуының бастапқы контурларын таныстырды. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету және орталықтың тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді егжей-тегжей талқылады. Құрылыс кезеңдерін жоспарлауға, орталықтар арасында арнайы өту үшін орынды таңдауға, сондай-ақ шекара маңы өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға ерекше назар аударды.

Қорытынды бойынша екі елдің жергілікті атқарушы органдарына жоспарланып отырған Өнеркәсіптік және логистикалық дамуды ескере отырып, ХШХО болашағына іргелес аумақтардың инфрақұрылымдық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылған.

Сондай-ақ, сапар барысында қазақстандық делегация Сырдария облысында орналасқан ТМД-дағы полимерлі қаптаманың ірі өндірушілерінің бірі "SIRDARYO MEGA LUKS" ЖШС БК қызметімен танысты.

Компания жіптен бастап дайын боппленкаларға, стрейчпленкаларына, полипропилен пакеттеріне және үлкен сөмкелерге дейін өндірістің толық циклін жүзеге асырады. Кәсіпорын айына 36 млн қап пен жұмсақ контейнер шығарады, еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жабдықталған және өнімдерді ТМД өңіріне, Еуропа, Таяу Шығыс елдеріне экспорттайды.