Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1 500 бас ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдағанын жариялады. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді көздейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қытайдың батыс бөлігінде жерсіңдірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан тарабына алғыс білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын арттыруға арналған кешенді және жүйелі шаралар қолға алынатынын атап өтті.

Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде ақбөкеннің саны айтарлықтай артқан.