Синоптиктер болжамы жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Алматыда найзағай күтіледі.

Шымкент пен Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, өрт қаупі өте жоғары болады деп болжанып отыр.

Қонаев, Ақтөбе, Атырау, Семей, Қарағанды, Жезқазған және Өскемен қалаларында найзағай, бұршақ болуы және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Талдықорғанда, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Атырау және Жетісу облыстарында найзағай, күшті жел күтіледі. Сол сияқты өрт қаупінің деңгейі жоғары болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық команда Санкт-Петербургте өткен Standoff кибер сайысында жеңімпаз атанды


Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.