1957 жылы туған әйел оқиға орнында мерт болған, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған әйелді басып кеткен.

Жол апаты бүгін сағат 10 : 00 шамасында Жетісу ауданында болған.

«Алған жарақаттардан 1957 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.