Біз ұлт тарихының тра­гедиялық парақтарын жүй­е­лі зерттеп, оны ұр­пақ­­қа тағылымды ете білуі­­міз керек. Мені биылғы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құр­­­бан­­ дарын еске алу күнінде кей­­­­бір азаматтардың көше­­ге де­­мон­страция жа­сау­ға шық­­қысы келгені ой­лан­­дырды.

Біраз ақпарат құрал­дары бұл туралы жазды да. Расында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын еске алу күні, яғни Аза тұту күні деп бекітілгенімен, оны өткізу шараларының ойлас­тырыл­мағаны қай­ран қалдырады. Осы жө­нінде ойымды ортаға салып көрейін.

Әлемде Азалы күнді атап қана қоймай, оны қалай өткізу керек екенін нақтылаған елдер бар. Мысалы, еврейлер Екінші дүниежүзілік соғыста зорлықпен өлтірілген 6 миллион қандасын еске алу күнін айрықша атап өтеді. Сол күні олар құрбандар кү­нін Освенцим зиратында өткі­зу­ді үлгі есебінде пайдаланып ке­леді. Еврей­лер еске алу кезінде оның үлкен қақпасын кең ашып, бірнеше минут бойы үзік-үзік сирена даусын шығарады.

Дәл осы сияқты азалы күнді еске алу шарасы Арменияда да бар. Олар да жыл сайын 26 сәуір күні Ереванның сыртындағы арнайы тауға барып, киелі үңгірде еске алу дәстүрін өткізеді. Ол жерде армяндардың ұлттық қайғылы музыкасы бірнеше күн қойылады. Қала тұрғындары сол күні оған арнайы тегін автобуспен барып қайтады. Құрбандарды еске алуға шыққан адамдардан таксишілер де ақы алмайтын жақсы дәстүр бар.

Міне, осы сияқты біз де азалы 31 мамыр күнін елімізде ресми атап өтеудің өзіндік жолын қалыптастыруымыз қажет. Соның бір нұс­қасы мынау: 31 мамыр күні сағат 12.00-де бүкіл Қазақстан бойын­ша барлық көлік бір минут тоқ­тап, сигнал берсе. Барлық ме­шіт­те имамдар мінберге шы­ғып, бірер минут мына сөзді дауыстап айтса: «Қызыл коммунизмнен қаза тапқан бауырларымыз иманды болсын, иманды болсын, иманды болсын!».

Ал дүние жүзіндегі қазақтар да осы күні, осы сағатта қозғал­май бір минут бойы тік тұруы қажет. Міне, осылай ешбір шу шығармай марқұмдарды ресми еске алып отырсақ, мәдени игі дәстүр қалыптасар еді. Оның тәр­бие­лік мәні жастарға да, жалпы халыққа да жағымды болары хақ.

Әрине, бұл ұсынысты би­лік халықтың тал­қысына салып, арнайы ресми шешім шығарса, өте орынды.

Қалай болғанда да, елімізде азалы күнді өткізу жолы нақты­­лануы қажет. Қынадай қырылған бауыр­ла­ры­мыздың рухы да жер бетінде тыныштық бол­ғаннын қалайды.

Сөйтіп, келесі жылы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын еске алу күнін елдік дең­гейде атап өтеміз деп үміт­тене­мін. Ұсынып отырған бастамам жауапты орындардан, халық тара­пынан да қолдау табады деп сенемін.

Оразақ СМАҒҰЛОВ,

ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері