Алматының Бостандық ауданында уақытша суық су болмайды. "Алматы су" кәсіпорны қай көшелердегі тұрғын үйлерде су болмайтынын нақтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алматы судың" Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін суық сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су беру уақытша шектеледі", — делінген хабарламада.
Шектеу Бостандық ауданындағы мына тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға әсер етеді: Әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені контурында орналасқан Қазақфильм, Нұр-Алатау, Бағанашыл-1,2 шағынаудандары.
"Жоспарға сай алдын алу жұмыстары ауданның тұрақты сумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 274-66-66", — деп қосты "Алматы су" өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы Су (@almatysu_)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз