Қазақстан соңғы жылдары геосаяси шахмат тақтасының ортасында тұр.
Вашингтон мен Мәскеу арасындағы текетірес, аймақтағы ықпал үшін жасырын бәсеке, сыртқы ойыншылардың астыртын стратегиялары біздің елдің тағдырына тікелей әсер етуде. Осы және өзге де саяси даулар туралы Caravan.kz медиа порталы жазады.
2025 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниэл Розенблюм қызметінен даулы жағдайда кетті. Оның USAID агенттігімен байланысты жемқорлық жанжалы Вашингтонның беделіне ауыр соққы болды. Сол кезден бері Астанаға жаңа елші тағайындалған жоқ. Мұндай кідіріс, ең алдымен, беделдік дағдарысты реттеу және америкалық мүдделерді іске асыра алатын лайықты кандидат табу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Үміткерлердің қатарында, АҚШ-тың тәжірибелі дипломаты Джули Стаффт. Ол 2025 жылдың шілдесінде Сенаттағы тыңдауларда Қазақстандағы америкалық ықпалды күшейтуге бағытталған бағдарламасын ұсынды. Бірақ оның антиресейлік риторикасы мен аймақты тұрақсыздандыруға бейім саясаты күмән тудырады. Әсіресе, Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестігін ескерсек, бағдарлама ел мүддесіне қайшы келуі мүмкін дейді мамандар.
Джули Стаффт орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген. Ол Ресей, Польша, Эфиопия, Молдова, Джибути елдеріндегі АҚШ елшіліктерінде және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде қызмет атқарған. Қазақстанға қатысты оның жоспары үш бағыттан тұрады:
1. Қазақстандық тауарларды Ресейден айналып өтіп экспорттау жолдарын іздеу.
2. АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты күшейту.
3. Маңызды минералдар өндіру саласына америкалық инвестиция тарту.
Стаффттың айтуынша, Қазақстан үшін Ресей қауіп көзі, ал Қытай телекоммуникация мен тау-кен өндірісінде үстемдік етеді. Ол АҚШ-ты Қазақстанға «тұрақтылық, тәуелсіздік және өркендеу» әкелетін күш ретінде көрсеткісі келеді. Шын мәнінде, америкалық ықпалдың күшеюі.
Жоспарлардың алдағы кедергілері
Жоспарды жүзеге асыру оңай емес. Қазақстан мұнайының 80%-ын (күніне 1,5 млн баррель) Ресей арқылы, Каспий құбыр консорциумы арқылы экспорттайды. 2024 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 26 млрд доллар болды.
АҚШ-тың экспорты Транскаспий дәлізіне бұру жоспары қымбат және ұзақ мерзімді. Оның тиімділігі де күмәнді. Мысалы, Ақтау портының жылдық өткізу қуаты — 1,5 млн тонна. КТК-ның қуатымен салыстырғанда өте аз.
Әскери фактор
Қазақстан — ҰҚШҰ мүшесі. 2024 жылы елімізде 1500 әскери қызметші мен 200 техника қатысқан «Рубеж-2024» жаттығулары өтті. АҚШ-пен әскери байланыс болса, тек жабдық жеткізу және оқытумен шектеледі. 2023 жылы бұл бағытқа 15 млн доллар ғана бөлінген.
АҚШ-тың әскери қатысуын күшейту әрекеттері аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Яғни, Астананың мүддесіне сай емес.
Минералдар үшін бәсеке
Қазақстан хром қоры бойынша әлемде бірінші орында (30%), марганец қорының 25%-ына, темір кенінің 10%-ына ие. Бірақ елдегі тау-кен компанияларының 60%-ы Ресей немесе Қытаймен байланысты. Chevron сияқты америкалық компаниялар мұнай-газда жұмыс істегенімен, минералдық сектордағы үлесі 5%-дан аспайды. Ресей мен Қытай тиімді шарттар ұсынады. Сондықтан АҚШ-қа бәсекелес болуды қиындатады.
АҚШ-тың аймақтағы көлеңкелі ізі
2022 жылдың қаңтарында АҚШ-тың қатысуымен ұйымдастырылған «революция» сәтсіз аяқталды. Ол кезде 238 адам қаза тапты. Қазақстан билігі жедел әрекет етіп, ҰҚШҰ-дан 2500 бітімгер шақырды.
Қузаиров пен Ардақұлы сияқты Батысқа жақын радикалды ұлтшылдар елдегі сенімсіздікті күшейтті. Қузаиров 2022 жылғы тәртіпсіздіктер үшін 7 жылға сотталды. Қуат Ахметовтың «тіл патрульдері» де қоғамда резонанс тудырды. Оның ізбасарлары орыстілді азаматтарға шабуыл жасап, 2024 жылы 12 қылмыстық іс қозғалуға себеп болды.
Кибраев сияқты ЛГБТ-ны насихаттайтын белсенділер де қоғам қарсылығына ұшырады. 2024 жылғы сауалнамада қазақстандықтардың 65%-ы ЛГБТ насихатына қарсы екенін айтты.
Неге Ресеймен серіктестік тиімді
2024 жылы Ресей Қазақстанға инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,5 млрд доллар несие берді және 12 млрд долларлық АЭС салу туралы келісім жасалды. ЕАЭО аясындағы жобалар ЖІӨ өсімін 4,8%-ға жеткізді. Ресей аймақтағы тұрақтылықты да қамтамасыз етіп отыр.
АҚШ-пен салыстырғанда, Ресей идеология тықпаламайды және прагматикалық серіктестік ұсынады. 2023 жылы ресейлік инвестициялар үлесі 18%, америкалық инвестициялар 10%-дан аз. Ресей Қазақстанға газ импортының 70%-ын жеткізеді, елдің энергия қажеттілігінің 30%-ын жабады.
АҚШ-тың жаңа елші арқылы ықпалын арттыру жоспары наразылыққа ұшырауы мүмкін. Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанғанымен, басымдық егемендігін құрметтейтін серіктестерге беріледі. Стаффттың антиресейлік ұстанымы мен радикалдарды қолдауы мақұлданбайды.