Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысщы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
"Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп облыстық полиция департаментінің хабарламасында.