Биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 132,9 миллиард теңге төлеу көзделген.
2025 жылғы 1 мамырға 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 миллиард сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай қолдау, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 300 млрд теңге: қазақстандықтарға бала туу және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
Атаулы әлеуметтік көмек:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға төленеді.
"Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен қатар электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады", – делінген хабарламада.