Өзбекстанда 130 жастағы Хувайдо Умарова (Тошматова) ресми түрде елдің ең қарт тұрғыны ретінде танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты .
Бұл туралы Әділет министрлігінің телеграм арнасы хабарлады.
Министрлік жүргізіп жатқан "Ешкім құжатсыз қалмайды" акциясы аясында Хувайдо Умарованың 1895 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келгені дәлелденген.
Бұған дейін, 1999 жылы берілген төлқұжатында туған күні толық көрсетілмей, оның жасы ресми танылмай келген еді.
Енді Хувайдо Умарова тек Өзбекстанда ғана емес, әлем бойынша ең жасы үлкен адам атануы ықтимал.
Оның туыстары Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бере алады. Халықаралық сарапшылар жасын растаған жағдайда, ол тірі адамдардың ішіндегі ең кәрісі болып есептелмек.
Қазіргі уақытта әлемде ең қарт адам ретінде ресми түрде 116 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Этель Кэтерэм танылған.