Елорда тұрғындарын жеңілдетілген несие алып беремін деп алдаған адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Алаяқтық бабы бойынша сотталған адамның әрекетінен 16 адам зардап шеккен. Ол адамдарға бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
"Мәселен өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған", — делінген хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура өкілдері қала тұрғындарына ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру керек екенін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз