Зайсан мен Катонқарағай әуежайларында алғашқы рейстер 2026 жылғы көктемде орындалуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО әкімі айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтуынша, Зайсанда әуежай құрылысы 60 пайыз, ал Катонқарағайда 55 пайыз аяқталған.
Ұшып-қону жолақтары салынған, қазір перрон, аэровокзалдардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін бұл құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар "ҚазАэроНавигация" қажетті жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Келесі туристік маусымның басында әуежайлар алғашқы ұшақтарды қабылдайды деп ойлаймын, сәуір-мамыр айларынан бастап", — деді әкім ОКҚ алаңында қойылған сұраққа берген жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында биыл қаңтарда Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш әуежайдың құрылысы басталған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз