Елімізде Алматы – Қостанай бағытында жүретін жаңа «Тальго» пойызы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 16 желтоқсаннан бастап №119/120 «Тальго» пойызы жолға шығады. Ол жұп күндері қатынайды.

«Тальго» вагондары бар құрамды пайдалану арқылы сапар уақыты қалыпты пойыздармен салыстырғанда 12 сағатқа қысқарады», делінген хабарламада.

Пойыз Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы арқылы өтеді.