Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2025 жылғы 21 қарашадағы ресми хабарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.