Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing Халықаралық бокс федерациясын басқарады, деп хабарлайды ұйымның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
World Boxing президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі белгілі болды. Геннадий Головкин – Халықаралық бокс федерациясының басшысы лауазымына ұсынылған жалғыз үміткер.
World Boxing жарғысына сәйкес, егер лауазымға бір ғана үміткер ұсынылса, олар Конгресте лауазымға дауыс берусіз бірауыздан сайланады. Ұйымның қазіргі президенті — голландиялық функционер Борис ван дер Ворст.
World Boxing конгресі 23 қарашада Римде өтеді. Сол күні Головкин ресми түрде ұйым президенті қызметіне кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, қазанда Головкиннің World Boxing Халықаралық бокс федерациясының президенттігіне үміткерлер тізіміне енгені хабарланған болатын. Француз басылымының журналисі Головкиннен неліктен бұл қызметке кірісуге бел буғанын сұрады. Қазақстан чемпионы боксты Олимпиада бағдарламасынан шығару туралы әңгіме басталғанда қол қусырып тұра алмайтынын айтты. GGG бокс спорты үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек екенін сөз етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз