Ақтөбеде пойыз бастығын вокзалда пышақтап өлтірген жігітке қатысты сот басталды. 28 жастағы сотталушы қылмысын саябақтағы бейнекамераға қарап тұрып істеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушы істі алқабилердің қарағанын құп көрген. КТК дерегіне сүйенсек, 24 қарашада алқабилер толық іріктеліп, оқиғаның мән-жайымен танысты.

Қанды оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Пойыз бастығы сол күні демалысқа шыққан. Вокзал алдындағы гүлзарда келе жатқанда алдынан жігіт шығып, шылым сұрайды. Темекі бермеген соң, сол жерде алты рет пышақ сұғып алған. Вокзал аумағындағы бейнекамераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүртіп, өз жөніне кете барыпты.

28 жастағы күдікті бұған дейін сотталып, пробация бақылауында жүрген. Енді бұрын жасаған қылмысына тағы жаза қосылады.

Бұған дейін Жамбыл облысында 24 жастағы әскери қызметкер салтанатты шарада басына бөтелке жарып, бір көзін қатты жаралап алғанын жазғанбыз.