Елордада AIF-2025 форумы өтіп жатыр.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюй Қазақстанның әлеуетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

FAO басшысы Орталық Азия географиялық, экономикалық және климат мәселелері бойынша өте маңызды аймақ екенін баса айтты. Сарапшы Қазақстан Орталық Азияда ұлан-байтақ аумағы бар мемлекет екенін еске салды.

"Орталық Азия аймағының орнықты даму аймағы болуы үшін және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өте күшті әлеуеті бар. (...) 45 жыл бойы Қытайда, Латын Америкасында, Еуропада жұмыс істедім. Қазақстан толыққанды бағаланбай отырғанын айтар едім. Өйткені Италия, Еуропа үшін Қазақстан ғана емес, Қытай да кішкентай мемлекет болып есептелді. Ал Латын Америкасының картасы бар, онда біздің осы бөлімізге ден қойылмай келеді. Ал Қазақстанда миллиондаған шаршы шақырым аумақ бар. Сондықтан да технология және саясат артқылы бірлесе жұмыс істей отырып, жеткілікті инновацияны қамтамасыз ете отырып, әрі қарай үлкен табыстарға жетуге болады", — деді ол модератордың сауалына берген жауабында.

Цюй Дунъюй еліміздің су ресурстарын басқаруда үлкен әлеуеті бар екенін жеткізді.

Сөзінше, бұдан басқа ұйым FAO-ның қолдауын қажет ететін мүше елдерге әрдайым көмектесуге үлес қосып отыр.