Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады .

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады.

Түркістан облысы, Оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал. Батыс пен солтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте жоғары, солтүстікте және шөлді-таулы аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз найзағай болып, екпінді жел соғады 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі.

Алматы облысында солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын жел екпіні солтүстікте күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстік, шығыс және оңтүстігінде найзағай болады. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жел екпіні күндіз оңтүстік пен шығыста 15-18 м/с жетеді. Оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығыс пен батысында өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз +35°С ыстық болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі өте жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, түнде -2°C дейін үсік болады. Жел екпені 15-18 м/с жетеді.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай арасында жаңа туристік бағыт ашылады


Абай облысында түнде және таңертең тұман болады. Шығыста -2°C үсік жүреді. Орталық пен оңтүстікте жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығысында, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысынде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігі мен шығысында, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Ұлытау облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары болады. Жезқазғанда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында Шығыс пен орталықта, оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Қостанай облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.