Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.


Күдіктіні елге қайтару операциясын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол жеке кәсіпкер ретінде полиция қызметкеріне қылмыстық жауаптылықтан жалтару және өзіне тиесілі массаж салонының кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақша берген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы наурызда ол Рустави қаласында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.