Бұл туралы ИРНА агенттігі жазды.
Басылымның дерегінше, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Қытайға жасаған сапарының қорытындысын шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол қытайлық әріптесі Ван Имен өткен келіссөздерді "конструктивті" деп бағалады.
Министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қос елдің қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайындағы ұстанымдары стратегиялық тұрғыда жақын екенін жеткізді.
Кездесуде тараптар Тегеранның ұлттық егемендігі мен қадір-қасиетін қорғау құқығы мызғымас қағида екенін растаған.
Сонымен қатар, келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Қытай ұсынған бейбітшілік бастамалары саналды.
– Иран тарапы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және нығайтуға бағытталған Қытайдың төрт тармақтан тұратын ұсынысына ризашылығын білдіреді, – деп өз пікірін айтты Аббас Аракчи.