Алматы мен Шымкентте +35 градусқа дейін ысиды.
"Қазгидромет" мәліметінше, 8 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер етеді.
Елдің солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Кей аймақтарда тұман түсіп, ауа райы күрт құбылуы мүмкін.
Астанада күн құбылмалы болып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз ауа температурасы +23…+25°C болады.
Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Көкшетау және Қостанай қалаларында қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ күтіледі.
Ал Павлодар, Қарағанды, Жезқазған және Атырау өңірлерінде жел күшейіп, найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ашық болып, ыстық ауа райы сақталады.
Оқи отырыңыз: Найзағай, жел және бұршақ: 5 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады