Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан АҚШ әскери-теңіз күштерінің үш эсминеціне шабуыл жасалғаны хабарланды.


Бұған жауап ретінде АҚШ Ирандағы екі портқа соққы жасап, бұл жағдай екі ел арасындағы нәзік бітімге қауіп төндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.сайты CBS NEWS -ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, USS Truxton, USS Mason және USS Rafael Peralta эсминецтеріне ирандық зымырандар, дрондар және шағын қайықтармен шабуыл жасалған. АҚШ Орталық қолбасшылығы америкалық күштердің Ирандағы Бендер-Аббас пен Кешм порттарындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді.

АҚШ тарапы кемелерге зақым келмегенін хабарлады. Мәліметке сәйкес, бірнеше сағатқа созылған шабуыл кезінде америкалық әскери кемелер мен авиация көп қабатты қорғаныс жүйесін қолданған. Apache тікұшақтары Hellfire зымырандарын пайдаланғаны да айтылды.

Бұл оқиға АҚШ пен Иран атысты тоқтату жөнінде келісімге келгеннен кейінгі ең ірі тікелей қақтығыстардың бірі ретінде бағалануда.