Оған әлемдегі сала үздіктерімен қатар қазақстандық мамандар да қатысады.
20-21 мамырда Өзбекстанның Самарқан қаласында жасанды интеллект, байланыс және цифрлық болашақ тақырыбын қаузайтын M360 Eurasia халықаралық конференциясы өтеді.
Оның аясында Орталық Азиядағы "жасыл" және цифрлық инновацияларға арналған өңірлік хакатонның жартылай финалы болады, оның жеңімпаздары Қырғызстанда болатын финалда бақ сынайды. Хакатонда "жаңартылатын" энергетика, "ақылды" сумен қамту жүйелері, қалдықтарды азайту және экологиялық мониторинг мәселелері бойынша жаңа технологиялық шешімдер ұсынылады.
Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның барысында мемлекеттік құрылымдардың қызметін жасанды интеллект өнімдерімен байыту, спутниктік технологиялардың көмегімен егемен цифрлық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық жүйелерді күн санап саны артып келе жатқан киберқауіптерден қорғау мәселелері талқыланады.
"Самарқан – Еуразияның жетекші ақпараттық технология хабтарының бірі. Сондықтан бұл конференция біз үшін жай шара ғана емес, жаһандық цифрлық экономикаға кірігудің стратегиялық құралына айналмақ. Самарқандағы саммит Өзбекстанның технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайта түседі", – делінген цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовтың мәлімдемесінде.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Жасанды интеллект ағылшын тілін меңгеруге деген қажеттілікті жоя ма