Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті "Прогрессивті Болгария" коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірген.
Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тілеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз