Мажарстан премьер-министрі Қазақстан президентіне ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылы 11 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария премьер-министрі болып сайланған Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.