Бөлімдер
Жаңалықтар

Үржарда 500 мың теңге пара алған ауыл әкімі сотталды

Бұл ақпаратты Абай облыстық прокуратурасы таратты.

Үржар аудандық прокуратурасы ауылдың бұрынғы әкімі қоғамдық жұмысқа бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратура сотқа дейін тергеп-тексеріп, шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.

“Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. “Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді”, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.