Бөлімдер
Жаңалықтар

Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс шектелді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі “ҚазАвтоЖолға” сілтеме жасап.

Ақмола облысы

10:40-тан бастап республикалық маңызы бар Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті) автожолының 16–200 км аралығы (Астана – Павлодар облысының шекарасы, 184-км) бойынша қар, жаңбыр және көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
11:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 19–231 км учаскесінде барлық көлік түріне жылдамдық 140 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейін шектелді.

Абай облысы

Таңғы 07:30-дан бастап ҚХР шекарасы – Майқапшағай – (Зайсан айналма жолымен) – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы тасжолының 756–906 км аралығы, яғни Семей – Қалбатау учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Жолды ашудың болжамды уақыты — 13:00.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен – Семей автожолы: 10–103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы) учаскесі.
Жолды ашудың болжамды уақыты — 2025 жылғы 14 желтоқсан, 06:00.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget