Бөлімдер
Жаңалықтар

“Қош келдіңіз!”: Қазақстан Президентін Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды

Токио губернаторының қазақ тілінде сөйлеген видеосын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Токио губернаторы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты “Қош келдіңіз!” деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.