Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда 1 мамырдан бастап танымал үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Алматыда үш автобус маршрутының қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі. Алдағы жұма күнінен бастап олар екі көшеге кірмейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 30 сәуірде Алматы көлік холдингі мәлімдеді:

“1 мамырдан бастап №27, №118, №137 маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі. Енді автобустар жаңартылған қозғалыс сызбасы бойынша жүреді: Төле би көшесі – Алатау даңғылы – әрі қарай маршрут бойынша, Жүнісов және Кенжетаев көшелеріне кірмейді”.

№27 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

№118 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

Алматыда 1 мамырдан бастап танымал үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді, сурет — Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 18:14

№137 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

Алматыда 1 мамырдан бастап танымал үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді, сурет — Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 18:14

Бұған дейін Әл-Фараби даңғылындағы Zeekr қатысқан ЖКО бойынша тергеудің қашан аяқталатыны белгілі болғанын жазғанбыз.